Батыс Қазақстан облысында орташа айлық жалақы 110 567 теңгеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Батыс Қазақстан облысында орташа айлық жалақы 110 567 теңгеге жетті

Батыс Қазақстан облысында орташа айлық жалақы 110 567 теңгеге жетті

Бейне қолжетімді емес

Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 110 567 теңгеге жетті.

Облыстық Статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары еңбекақы өнеркәсіпте - 212,7 мың теңге , ақпарат пен байланыс саласында  - 159,6 мың теңге, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында - 149,1 мың теңге, құрылыста - 148,3 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 142 мың теңге, көлік және қоймалауда - 120 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 119 мың теңге.

Ең төменгі жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс саласында. Мұнда орташа жалақы облыстық көрсеткіштің 48,3 пайызына тең.

Аумақтық жағынан алғанда Бөрлі ауданы алда келеді. Мұнда орташа жалақы - 260,3 мың теңге. Бұл облыстық көрсеткіштен 2,4 есеге артық.

ҚазАқпарат

Бөлісу