Дидье Дрогба ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дидье Дрогба ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады

10.08.2014
Дидье Дрогба ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады

Кот-д'Ивуар құрамасының 36 жастағы шабуылшысы ұлттық құрама сапында 104 ойын өткізіп, 65 гол соққан. Дрогба құрама сапында үш Әлем чемпионатына және екі Африка елдерінің Кубогына қатысқан.

Дидье Дрогба Африкада ешқашан кәсіби деңгейде футбол ойнамаған. Себебі 5 жасынан Францияда тұрып, сол жерде футболмен айналысқан. Алайда, футболшы өзінің отаны үшін футбол ойнағанын мақтан етеді.

2004 жылы Дрогбаны лондондық «Челси» марсельдің «Олимпик» клубынан 42 миллион долларға сатып алады. Осыдан кейін ол Кот-д'Ивуар тарихындағы ең қымбат футболшы атанады.

Дидье Дрогба өткен маусымда Түркияның «Галатасарай» командасында ойнап, осы жазда «Челси» командасына қайта келді.

Хабарламаларға жазылу