Швециялық форвард Златан Ибрагимович карьерасын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швециялық форвард Златан Ибрагимович карьерасын аяқтады

05.06.2023

Аңыз футболшы 41 жастағы швециялық форвард Златан Ибрагимович карьерасын аяқтады. Аяқ доп шебері бұл туралы «Милан» мен «Верона» арасындағы матчтан кейін айтты. Жаңалықты естіген жанкүйерлері Ибрагимовичты қимай, көз жасына ерік берді. Биылға маусымында Ибрагимович жарақатына байланысты «Милан» сапында тек 4 ойынға қатысып, бір гол соққан. Ол осы голы арқылы Италия чемпионатында рекорд орнатты. Өйткені» Златанға дейін бірде-бір ойыншы 41 жасында гол салмаған. Златан Ибрагимович кәсіби мансабын 1999 жылы бастаған. Жалпы 819 матч өткізіп 493 рет қақпаны дәл көздеп, 201 пастың авторы атанған. Сондай-ақ Франциялық футболшы Карим Бензема маусымды аяқтап,испаниялық «Реал Мадрид» клубынан кетті. Ол енді Сауд Арабиясының «Аль-Иттихад» командасында ойнайды. Шетелдік бақ оған жылына 100 миллион еуро жалақы ұсынылғаны туралы жазған. «Алтын доп» иегері «Реал Мадрид» клубында 2009 жылдан бері ойнаған. Сондай-ақ Лионель Месси де командасымен қош айтысты. Ол 2 жыл ішінде Франциялық «ПСЖ» сапында 74 матч өткізіп, 35 гол салған. Сонымен қатар екі рет Франция чемпионы атанып, Суперкубокта да топ жарған. Месси алдағы уақытта «Интер Майами» немесе «Ал-Хилаль» командасына баруы мүмкін деген болжам бар.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу