Мирослав Клозе Германия Ұлттық құрама сапындағы карьерасын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мирослав Клозе Германия Ұлттық құрама сапындағы карьерасын аяқтады

12.08.2014
Мирослав Клозе Германия Ұлттық құрама сапындағы карьерасын аяқтады

Германия құрамасының және италиялық «Лацио» клубының шабуылшысы Мирослав Клозе Ұлттық құрама сапындағы карьерасын айяқтайтынын мәлімдеді.

36 жастағы шабуылшы Бразилияда өткен Әлем чемпионатында Германия құрамасымен чемпион атанған. Сондай-ақ, Әлем чемпионатында 16 гол соғып, рекорд орнатқан болатын.

«Федерация басшылығына, барлық жанкүйерлерге және соңғы 13 жылда Ұлттық құрамаға бапкерлік еткен мамандарға алғысым шексіз. Сондай-ақ, қазіргі Ұлттық құраманың бас бапкері Йоахим Левке ерекше алғыс айтамын, дейді шабуылшы.

Клозе Германия Ұлттық құрамасының сапында 137 ойын өткізіп, 71 гол соққан.

Хабарламаларға жазылу