Дидье Дрогба «Челсиге» оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дидье Дрогба «Челсиге» оралды

26.07.2014
Дидье Дрогба «Челсиге» оралды

Котдивуарлық футболшы Дидье Дрогба лондондық «Челси» сапына қайта оралды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланған. Айта кетейік, 36 жастағы футболшы лондондық клубпен 1 жылдық келісім шарт жасасқан.

Естеріңізге салсақ, Дрогба ақсүйектер сапында Чемпиондар Лигасын және Англия кубогын 4 рет, сонымен қатар, Англияның 3 дүркін чемпионы атанған болатын. Дидье Дрогба осыған дейін түріктердің «Галатасарай» командасында ойнаған.  

Хабарламаларға жазылу