Мемлекеттік сатып алу толығымен электронды форматта жүруі тиіс - Президент Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алу толығымен электронды форматта жүруі тиіс - Президент Н.Назарбаев

06.08.2014
Мемлекеттік сатып алу толығымен электронды форматта жүруі тиіс - Президент  Н.Назарбаев

Мемлекеттік сатып алу толығымен электронды форматта жүруі тиіс. Бүгін  Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің өткен алты айғы қызметін қорытындылауға арналған кеңейтілген отырысында  Елбасы осылай деді.

«Мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық әрекеттері байқалады. Біз мұны электрондық форматқа ауыстырып жатырмыз, бұл дұрыс. Сатып алуды электронды форматта өткізу бизнесті жүргізудің тиімділігіне, шенеуніктердің жағымсыз әрекеттеріне әсер етуі керек. Сондықтан да, мемлекеттік сатып алуларды толығымен электрондық форматта, интернет арқылы өткізуге тиіспіз», -деді Н. Назарбаев.

Өз кезегінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Елбасының тапсырмасына сәйкес, электрондық форматта мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылып жатқанын атап өтті. «Бұдан бөлек, Жолдауда жүктелген міндеттерге сәйкес, біз жаңа Заң жобасын әзірледік, ол бойынша мемлекеттік сатып алулар одан ары жетілдіріледі. Заманауи стандарттарды да ең жоғары деңгейде пайдаланамыз, нәтижесінде бизнесті жүргізу мәселелері бұдан да жақсара түсуі шарт», - деді министр.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу