Қазгидромет: 30 шілдеде ауа райы тұрақсыз болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: 30 шілдеде ауа райы тұрақсыз болады

30.07.2014
Қазгидромет:  30 шілдеде ауа райы тұрақсыз  болады

30 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуімен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында және орталығында  ауа райы тұрақсыз  болады деп күтілуде. Кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді, тұман түседі.

Шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке»  сілтеме жасап.

Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа, ұйытқуы 25 м/с-қа дейін жетіп, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі күтіледі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, батысында, солтүстік батысының кей жерлерінде, оңтүстік-шығысында және орталығында өте күшті аптап ыстық сақталады.

Хабарламаларға жазылу