Еліміздің бірнеше өңірінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірнеше өңірінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін

28.04.2024

Осы солтүстік және оңтүстік өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қар аралас жауын-шашын болады. Қазгидромет мамандары болжамына сай әсіресе Жамбыл облысының шығысында түнде үсік жүреді. Еліміздің батысы, шығысы, орталығына антициклон әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу