Ақтөбе мен Қостанай облыстарында күн 40 градусқа дейін ысиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе мен Қостанай облыстарында күн 40 градусқа дейін ысиды

23.06.2014
Ақтөбе мен Қостанай облыстарында күн 40 градусқа дейін ысиды
Еліміздің екі облысында 3 күн бойы қатты ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидромет» болжамдарына сілтеме жасап.
 
«22-24 маусым күндері Ақтөбе облысында, 23-25 маусым күндері Қостанай облысының кей жерлерінде күн қатты ысиды, ауа температурасы 40°C-ге дейін жетеді», - делінген хабарламада.
 
Ал, Қазақстанның басым бөлігінде бүгін ауа райы тұрақсыз болып, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек оңтүстік өңірде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.

Хабарламаларға жазылу