![Астанада халықаралық өнер фестивалі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40139.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
9 қазан Астанада Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен халықаралық өнер фестивалі өтеді. Фестиваль аясында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыр мүшәйрасы, жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер байқауы мен сурет көрмесі ұйымдастырылмақ.
Шараға шетелдердегі отандастарымыз, елімізден тыс аймақтарда туып өскен, қазір атажұртқа оралған жас ақындар, жыршы-термешілер мен суретшілер қатыса алады. Өтініштер 30-қыркүйекке дейін қабылданады.
Фестиваль соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, бағалы сыйлықтарды табыс етеді.
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық өнер фестивалі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен өткізілмек.
Толығырақ: +7(7172) 68-00-81, +7 701 726 93 94
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада халықаралық өнер фестивалі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/89825/)