Алматыда қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың әндерінен бірінші рет сахналық көрініс қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың әндерінен бірінші рет сахналық көрініс қойылды

26.04.2017

Алматыда қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың әндерінен бірінші рет сахналық көрініс қойылды. «Махаббат аллеясы» деп аталған мюзиклде өнер шеберінің күрделі тағдырын толық ашатын барлық әндерінің шығу тарихы қамтылған. Спектакльде Табылды Досымовтың рөлін Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі Айбек Айдынұлы сомдады. Ол барлық әндерді жанды дауыста гитараның сүйемелдеуімен орындап шықты.

Амангелді СЕЙІТХАН

 

Хабарламаларға жазылу