Астанада халықаралық цирк фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада халықаралық цирк фестивалі өтеді

10.06.2014
Астанада халықаралық цирк фестивалі өтеді
 Астана қаласы әкімдігі қолдауымен  жыл сайынғы «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалі  биыл 7-рет ұйымдастырылып отыр. Шара  2014 жылдың 1-8 шілде аралығында  16:00-де елордадағы «АСТАНА» циркінде өтеді.
 
Фестиваль әр елдің әртістері арасындағы ең мықтылардың өнер додасы ғана емес, халықаралық қазылар алқасы сараптайтын ең ірі бағалау алаңы ретінде де есте қалмақ. 

«Астаналық цирк» манежінде Астана тұрғындары мен қонақтарына РесейҚытайМоңғолия, Вьетнам, Беларусь, Якутия, Украина, Өзбекстан және Қазақстанның әртістері өнер көрсетеді.
 
Олардың көбі бүкіләлемдік фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттары, өз жанрларының хас шеберлері, цирк әулетінің ұрпақтары. Фестиваль бағдарламасы әр  мемлекет бірігу арқылы ұлттық цирк ерекшеліктерін ортаға салатын «жанды» әрі бірегей шоуға қанық.

«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінің айтулы оқиғасы - фестиваль қатысушыларының үрмелі оркестр сүйемелдеуімен астана көшелеріндегі «Кавалькада» мерекелік шеруі болмақ.

«Кавалькада»  30 маусым күні сағат 18:00 де «Азия жаңғырығы» фестиваліне қатысушы әртістердің қатысуымен Цирк - Сарыарқа даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылы - Республика даңғылы – Циркбағыттарын бойлай жүріп өтеді.
 

Хабарламаларға жазылу