Германия құрамасының шабуылшысы Мирослав Клозе футболдан Әлем чемпионатының тарихында ең үздік сұрмерген атанды.
Ол жартылай финалда Бразилиямен өткізген ойынның 23-ші минутында 16-шы голын соғып, атақты бразилиялық футболшы Роналдодан басып озды.
Мирослав Клозе 2002 және 2006 жылдары 5 гол соқса, 2010 жылы 4 рет мергендік танытты. Ал бұл турнирде екінші рет көзге түсті.
Айта кетейік, Германия құрамасының шабуылшысы төрт турнирде 23 ойын өткізсе, Роналдо үш чемпионатта 19 ойынға қатысқан.