Германия футболшылары Бразилия құрамасын 7:1 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия футболшылары Бразилия құрамасын 7:1 есебімен ұтты

09.07.2014
Германия футболшылары Бразилия құрамасын 7:1 есебімен ұтты

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында Бразилия құрамасы Германия футболшыларына 1:7 есебімен ойсырай ұтылды.

Есепті Томас Мюллер ойынның 11-ші минутында ашты. Кейін Мирослав Клозе көзге түсіп, Әлем чемпионаты тарихындағы үздік шабуылшы атанды. Үзіліске дейін Тони Кроос екі рет мергендік танытса, Сами Хедира өз командасының бесінші голын соқты.

Екінші таймда алаңға шыққан  Андре Шюррле де дубль авторы атанды. Бразилиялықтар тек 90-шы минутында бір гол соқты. Гол авторы – Оскар.

Германия құрамасы 13 шілде күні Футболдан Әлем чемпионатының финалында Нидерланд пен Аргентина жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Футболдан Әлем чемпионаты – 2014.

1/2 финал.

Бразилия – Германия – 1:7 (0:5).

Голдар: Мюллер, 11 (0:1). Клозе, 23 (0:2). Кроос, 24 (0:3). Кроос, 26 (0:4). Хедира, 29 (0:5). Шюррле, 69 (0:6). Шюррле, 79 (0:7). Оскар, 90 (1:7).

Бразилия: Жулиу Сезар, Майкон, Данте, Давид Луиз, Марселу, Фернандинью (Паулинью, 46), Луиз Густаву, Оскар, Бернард, Фред (Виллиан, 70), Халк (Рамирес, 46).

Германия: Нойер, Лам, Хуммельс (Мертесакер, 46), Боатенг, Хеведес, Мюллер, Хедира (Дракслер, 76), Швайнштайгер, Кроос, Езил, Клозе (Шюррле, 58).

Ескерту: Данте, 68.

Төрешілер: Родригес, Торрентера, Кинтеро (барлығы – Мексика).

8 шілде. Белу-Оризонти. «Минейрау» стадионы.

Хабарламаларға жазылу