«Bombardier» компаниясы Астанада жаңа ұшағын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Bombardier» компаниясы Астанада жаңа ұшағын таныстырды

«Bombardier» компаниясы Астанада жаңа ұшағын таныстырды

Бейне қолжетімді емес

Бүгін Астанада  «Bombardier» компаниясы  «Q400NextGen» ұшағын таныстырды. Шараға компания өкілдері, «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев және бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Bombardier Сommercial Aircraft» компаниясы маркетинг және активтерді басқару, сату жөніндегі аға вице-президенті Рей Джонстың айтуынша, «Q400NextGen» ұшағы Орталық Азия елдері аумағында ұшуға  өте ыңғайлы.

«Q400NextGen» - бұл нарықтағы ең заманауи әрі турболентті ұшақ. Қазақстан аумағындағы қауіпсіздіктің ең  жоғары стандарттарына сай, ыңғайлылық пен жолаушылардың қолайлылығын қамтамасыз ететін жылдамдығы ең жоғары көлік. Сондай-ақ, айта кету керек, «Q400NextGen» ұшағы аса ыстық климатта да, ең төмен температура кезінде де ұшуға ыңғайлы»,-дейді ол.

Компания өкілінің айтуынша, «Q400NextGen» ұшағы қазіргі таңда шығарылып жатқан 70 орындық ұшақтардың арасында шығынды аз талап ететін техника.

Бөлісу