6 шілдеде Астана күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 6 шілдеде Астана күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылмақ

6 шілдеде Астана күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылмақ

Бейне қолжетімді емес

6 шілде күні сағат 22.30-да Астана күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Салютті қаланың үш орнынан ату жоспарлануда. Біріншісі  Есіл өзенінде Астаналық паркке қарсы, екіншісі - Хан Шатырға қарсы және үшіншісі «Қазақстан» СК кешеніне қарсы жерде орналаспақ.

 

Сонымен қатар, биыл пиротехникалық шоу да қала қонақтары мен тұрғындарына ұсынылады. Оның бір ерекшелігі - судағы арнайы эффектілер. Есіл өзенімен «отты кемелер» жүзеді, гүлді гейзерлер атылады, су үстінен Астананың символы - «Бәйтерек» жасалады. «Қазақстан Салют» компаниясының президенті Вадим Гостевтің айтуынша, мерекелік салютты ұйымдастыруға 20 жуық кәсіби пиротехник тартылды. Жалпы, 5 мың пиротехникалық снаряд қолданылмақ. Салюттың ұзақтығы 5-20 минут.

Бөлісу