Астанада тұңғыш рет «Күн Әлемі» атты саябақтар фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тұңғыш рет «Күн Әлемі» атты саябақтар фестивалі өтеді

01.07.2014
Астанада тұңғыш рет «Күн Әлемі» атты саябақтар фестивалі өтеді

5-ші шілде сағат 10.00-де қалалық саябақтарда («Студенттер», «Жерұйық» саябақтары, «Астаналық», «Ғашықтар» паркі) Қала күні аясындағы мерекелік шаралар басталады.

 Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.

«Жерұйық» саябағында - «Этно шуақ» бағдарламасы. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін этникалық музыкалық аспаптарда ойнау бойынша ақысыз шеберлік сыныптары, балалар мен ересектерге арналған қызықты ойындар, сондай-ақ «Бугарабу» барабан шоуы өткізіледі.

«Студенттік» саябағында - «Жадымның бұлттары» бағдарламасы. Өткен ғасырдың орта тұсындағы классикалық демалыс саябағының атмосферасы орнап, би өнері бойынша тегін шеберлік сыныптары мен қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ал кешке елге танымал «Дос-Мұқасан» ансамблі өнер көрсетеді.

 «Астаналық» саябағында - «Жаңа көкжиектер» бағдарламасы. Жаңартылған саябақтың ішінде шығармашылық инсталляциялар, қазіргі суретшілердің көрмелері, айналар лабиринті және «JCS» тобының қатысуымен музыкалық бағдарлама көпшілік назарына ұсынылады.

Ал, «Ғашықтар» саябағында - «Махаббаттың күні» бағдарламасы. Мұнда көше театрлары әртістерінің қойылымдары, флэшмоб, қалыңдықтар шеруі  және жарқыраған мәскеулік Fireshow көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу