Астанада «Опералия-2014» Халықаралық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Опералия-2014» Халықаралық фестивалі басталды

24.06.2014
 Астанада «Опералия-2014» Халықаралық фестивалі басталды
Астанада «Опералия-2014» Халықаралық фестивалі басталды. Дәстүрлі шараның алғашқы күнінде «Әлемдік балет жұлдыздары» атты гала-концерт өтті.
 
Оған әлемнің 6 мемлекетінен келген өнерпаздар қатысты.
 
Дені - әлемдік би аренасында  танымал тұлғалар. Қала тұрғындары концерттік бағдарламаны 2,5 сағат бойы тамашалады.
 
Биыл бұл фестиваль осымен тоғызыншы рет өтіп отыр.
 
Концерттік бағдарламаның екінші бөлімі 1-шілде күні Алматыда өтеді. Бұл күні қала тұрғындары «Әлемдік опера жұлдыздары» атты гала-концертті тамашалай алады.
 
Тұрсынбек Нұрғалиев, «Астана Опера» театрының бас балетмейстері:
Бұл шара Алматы мен Астананың үлкен театрларының қатысуымен өтіп жатыр. Көрермен өз бағасын берер.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу