Қызылордада «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты өнер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты өнер фестивалі өтеді

06.10.2014
Қызылордада «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты өнер фестивалі өтеді

8-9 қазан күндері Қызылордада «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты өнер фестивалі өтеді. Шара Қызылорда облысы әкімдігі мен халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

Фестивальдің мақсаты - түркітілдес халықтардың ұлттық музыкалық өнерін дәріптей отырып, өзара  мәдени қарым-қатынас пен байланысын нығайту.

Фестиваль  аясында «Тұран және түркі әлемі» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этноархеологиялық көрмесі ұйымдастырылып, «Қорқыт Ата мұралары - түркі халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.

Өнер мерекесіне Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғыз елі, Өзбекстан, Түркия, Молдова елдерінен, Ресей Федерациясының Татарстан, Алтай, Якутия, Хакасия, Башқұртстан республикаларынан ғалымдар, фольклортанушылар, өнер зерттеушілері мен өнер ұжымдары қатысады.

Хабарламаларға жазылу