Максим Худяков «Ертіс» клубында қалады

25.06.2014
Максим Худяков «Ертіс» клубында қалады
Шабуылшы Максим Худяков Павлодарда қалады. Өткен маусымда 27 жастағы хоккейші «Сарыарқа», «Беркут», «Рязань» және «Ертіс» клубтарының жейдесін киді.
 
Жоғары хоккей лигасында ойынша 18 матч өткізіп, 3 (2+1) ұпайға ие болды. Ал Қазақстан чемпионатында 36 матч өткізіп, 30 (11+19) ұпай еншіледі.
 
Максим Худяков -  Өскемен және Магнитогорск хоккей мектебінің түлегі.
 
Ол Киевте өткен Әлем чемпионатында Ұлттық құраманың намысын қорғады. Ал астаналық «Барыс» сапында өткізген 48 ойында, 15 (8+7) ұпай жинады.

Хабарламаларға жазылу