«Ертіс» футбол клубының жаттықтырушысы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ертіс» футбол клубының жаттықтырушысы тағайындалды

28.10.2014
«Ертіс» футбол клубының жаттықтырушысы тағайындалды

«Ертіс» футбол клубының жаттықтырушысы тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Ресейлік маман Дмитрий Черышев «Ертіс» футбол клубымен екі жылдық контрактіге қол қойды.

Д. Черышев 1969 жылы Ресейде туған. Нижегород қаласындағы «Торпедо» балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Орта мектепті тәмамдағаннан соң Джержинск қаласының «Химик» командасының ойыншысы болды. Әскери борышын өтеген соң Нижегород қаласының «Локомотив» футбол клубында КСРО-ның бірінші лигасында және Ресейдің бірінші чемпионаты лигасында өнер көрсетті. 1992-1993 жылдары шабуылшы ретінде елге танылады. Кейін «Динамо» құрамына шақырылады. Жаңа команданың 22 ойынында жеті гол салып, табысты ойнады. Ресей Кубогының иегері атанған. Кейін Ресейлік құрама командасына шақырту алды. 1996 жылы жемісті еңбек етіп, бомбардирлер арасында үшінші орын тұғырынан көрінді. Спорттық жолында испандық «Спортинг» Хихон футбол клубы және «Бургос» испан дивизионында ойнаған. Шабуылшы қызметін Испанияның «Аранхуэс» клубында аяқтады . Кейінгі жылдары «Реал» балалар командасын жаттықтырды. Отанына оралған сәтте новосібірлік «Сібір» және Нижний Новгород қаласының «Волга» клубтарының бас жаттықтырушысы қызметін атқарды. Павлодарлық «Ертісті» тізгіндемес бұрын Санкт-Петербургтегі «Зенит» командасының жастар құрамасына жетекшілік еткен.

Хабарламаларға жазылу