Қазақстандық хоккейшілер Олимпиадалық іріктеу турнирінде Италияны жеңді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық хоккейшілер Олимпиадалық іріктеу турнирінде Италияны жеңді (ВИДЕО)

04.09.2016
Қазақстандық хоккейшілер Олимпиадалық іріктеу турнирінде Италияны жеңді (ВИДЕО)

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Олимпиадалық іріктеу жарысының соңғы матчында Италия командасын жеңді. Қорытынды есеп - 2:3.

Алғашқы екі кезеңде командалар бір-бір нәтижелі шайбалмен алмасты. Алғашқы болып италиялық Джулио Сканделла есеп ашса, көп ұзамай Максим Худяков есепті теңестірді. Сосын Брэндон Боченски Қазақстан командасын алға шығарса, екінші кезеңнің соңғы минуттарында Томмазо Траверса есепті теңестіріп кетті. Ал соңғы жиырмаминуттықта Роман Старченко қарсылас қақпасына шайба соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.

Италия — Казахстан 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

Хабарламаларға жазылу