Алматы облысы: Жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы: Жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты

19.05.2014
Алматы облысы: Жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты
 
Алматы облысында «Setra» жолаушылар автобусы мен «Subaru» маркалы көлік соқтығысып, 1 адам қаза болды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады. 
 
Апат «Алматы-Өскемен» тас жолының 566 шақырымында, Алакөл ауданының Жанама ауылының маңында болған. 
 
«Алдын-ала болжам бойынша, жол апаты автобус жүргізушісінің кесірінен болған. Көлік ішінде 45 жолаушысы болса да, автобус жүргізушісі «Subaru»-ды  басып озуға тырысқан. Соның салдарынан көліктер соғылып, «Subaru»-дың жүргізушісі қаза болды», - делінген хабарламада.

Қазір аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 296-бабының 2-тармағы бойынша, қылмыстық өндірістік іс қозғалды. Автобус айып тұрағына қойылды.

Хабарламаларға жазылу