Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды

02.03.2021

Қарағандыда Сұрыптау-Майқұдық тасжолында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан жарақат алған ВАЗ-2114 көлігінің 21 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Ал оның қасында болған 23 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы кезінде қоғамдық көлікте 45 жолаушы отырған. Олар аман.

Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі: 
Алдын ала болжам бойынша, ВАЗ-2114 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып, қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу