«Ақтөбе-Самара» автобусы Ресей жерінде жол апатына ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе-Самара» автобусы Ресей жерінде жол апатына ұшырады

23.06.2016
«Ақтөбе-Самара» автобусы Ресей жерінде жол апатына ұшырады

Ресейдің Новосергиевка ауылы маңында, Самара қаласына 300 шақырым қалғанда бірнеше көлік соғылған жол апатына «Ақтөбе-Самара» автобусы да ұшырады.

«Автобусымыз аман. Күре жол бойында бірнеше көлік соғылды, біздің автобусымыз соларға соқтығысты. Абырой болғанда, жүргізуші де, жолаушылар да аман», деп хабарлады Ақтөбе қаласындағы «Экспресс» автовокзалының диспетчер қызметінен. 
Қазіргі уақытта жолаушылар діттеген жеріне жетіп үлгерді.

Хабарламаларға жазылу