«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында 2 автобус апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында 2 автобус апатқа ұшырады

09.12.2019

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық тас жолының Жамбыл облысы аумағында екі бірдей жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Күре жолдың 239 шақырымында жүк көлігімен соқтығысқан қос автобуста 46 адам болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Төрт жолаушы жеңіл жарақаттармен Қордай аудандық ауруханасына қаралып, үйлеріне қайтарылған. Қою тұман мен көктайғақтың салдарынан осы жолдың 472 шақырымында бір мезетте 14 автокөлік соқтығысты. 2 адам жарақаттанған. Қазір жол қозғалысы ретке келтіріліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.   

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу