2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды
Бейне қолжетімді емес
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды - Қазақстан халқы Ассамлеясының жылы деп жариялады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы Астанадағы Бейбітшілік және келісімсарайында «Қазақстан-2050 стратегиясы»: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты күн тәртібімен өтуде.
Сөз арасында Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойы атап өтілетіндігін айтып өтті.
Бұл ретте Елбасы еліміздегі 2015 жылы өткізілетін барлық шараларды осынау маңызды мерейтой аясында жүзеге асыру керектігін айтты. «Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, Ассамблеяның және Конституцияның 20 жылдығы мерейтойын өткізу бойынша ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті.
Сондай-ақ, Елбасы Астана қаласында Қазақстан халқының форумын өткізуді жүктеді, деп жазады «ҚазАқпарат».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58