Том Леффлер Sauerland Event промоутерлік компаниясына 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы 35 жастағы даниялық Миккель Кесслер арасында жекпе-жек өткізу жөнінде ұсыныс жасады.
Кесслер өткен аптаның басында спортқа қайта келгенін айтып, келесі жекпе-жекке дайындалуы үшін 4 айға жуық уақыт керек екенін мәлімдеді. Леффлердің ұсынысы бойынша жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс.
Кесслер Головкинді өз қарсыласы ретінде көргісі келетінін, бірақ жекпе-жекке тыңғылықты дайындалу үшін оған біршама уақыт керек екенін айтты. Оның себебін рингке бір жыл бұрын ғана шығуымен түсіндірді.
Екінші бір мәселе, ақша мәселесі. Кесслер өз елінде өте жоғары сұранысқа ие. Данияда өткізілген жекпе-жектерінің телевизилық көрсетілімі 1,5 миллиондық аудиторияға таратылады.
Дания халқының саны 5,5 миллион десек, онда Кесслердің жекпе-жегін ел халқының 25% пайызы көреді.
Дания баспасөз өкілдерінің хабарлауынша АҚШ-та өтетін жекпе-жегі үшін Кесслер 4 миллион доллар көлемінде гонорар сұрауы мүмкін. Sauerland Event компаниясының өкілі Калле Зауэрланд нақты сандар туралы ақпарат бермеді. Тек, «Егер промоутерлік компания Кесслерді АҚШ-та өтетін жекпе-жекке шақыруға мүдделі болса, онда Кесслерге көлемді қаражат төлеуге дайын болсын», деді.
allboxing.ru