Головкин-Монро жекпе-жегінің төрешілері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Монро жекпе-жегінің төрешілері анықталды

15.05.2015
Головкин-Монро жекпе-жегінің төрешілері анықталды

Рингтегі төреші ретінде Джек Реисс таңдалған. Сонымен қатар, жекпе-жекке Аделаида Берд, Стив Вайсфельд және Пэт Расселл төрелік етеді. Айта кетейік, Джек Реисс Геннадий Головкин мен мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы кездесуде де төреші болған еді.

Еске сала кетейік, кештің басты кездесуі қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық кіші Вилли Монро арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 17 мамырда таңғы сағат 07:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу