Геннадий Головкин спарринг-қарсыласының қабырғасын сындырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин спарринг-қарсыласының қабырғасын сындырды

25.07.2014
Геннадий Головкин спарринг-қарсыласының қабырғасын сындырды

Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин Джордж Гроувспен болған спаррингте британдықтың қабырғасын сындырып алған, деп хабарлайды Аllboxing.ru.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Геннадий Головкин австралиялық Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жекке дайындалу барысында Джордж Гроувспен спаррингке шыққан болатын.

Айта кететіні, 20 қыркүйек күні Джордж Гроувс екінші орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша финалдық іріктеу жекпе-жегіне шығады, деп жоспарланған еді. Енді оның алдағы жекпе-жекте жұдырықтасуы екіталай.

Естеріңізге сала кетейік, 27-ші шілде күні өтетін Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

 

Хабарламаларға жазылу