Геннадий Головкин Мигель Котто мен Питер Куиллинді жекпе-жекке шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Мигель Котто мен Питер Куиллинді жекпе-жекке шақырды

27.07.2014
Геннадий Головкин Мигель Котто мен Питер Куиллинді жекпе-жекке шақырды

WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы  Геннадий Головкин WBO чемпионы, америкалық Питер Куиллин мен WBC чемпионы, пуэрторикалық Мигель Коттоны жекпе-жекке шақырды.

Бұл туралы қазақстандық боксшы Дэниэл Гилмен өткізген жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғағаннан кейін мәлімдеді. Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте Головкин австралиялық боксшыны үшінші раундта нокаутқа жіберді.

Кездесуден кейін Геннадий Головкин өз қарсыласына алғыс айтып, оның жақсы боксшы екенін жеткізді. Ол екінші раундта қарсыласының тактикасын зерттеп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін айтты.

«Бұл ойын емес, бұл – жекпе-жек. Мен төбелесті ұнатамын және шаршы алаңда қызықты бокс көрсеткім келеді», - деп Головкин жанкүйерлерге де алғысын білдірді.

Ал жекпе-жектен соң, Геннадий Головкин орта салмақта чемпиондық атақты біріктіретін жекпе-жекке дайын екенін жеткізді. «Мен Котто және Куиллинмен жұдырықтасқым келеді. Жігіттер, маған хабарласыңдар, мен дайынмын. Бірінші кезекте, Коттомен кездескім шаршы алаңда жолығуды қалаймын», - деді қазақстандық боксшы.

Хабарламаларға жазылу