Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен сынақ түріндегі ҰБТ-да 125 сұрақтан 82 балл жинады, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Бақтияр Мәкен бесінші пән ретінде дүниежүзі тарихын таңдаған. Берілген 3 сағат уақыттың 45 минутында барлық тапсырманы орындаған. ҰБТ-дан кейін әкім орынбасары тест күрделі болғанын, бірақ, дайындалған жағдайда оны ойдағыдай тапсырып шығуға болатынын айтты.
Сонымен қатар, ҰБТ тапсырған БҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбуов 52 балл жинады. Облыстық әкімдік бұл шараны шенеуніктердің білімін тексеру үшін емес, мектеп бітіруші түлектерге қолдау көрсету үшін өткізгенін атап өтті.
Айта кетейік, Бақтияр Мәкен Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, «Болашақ»бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алған.