ҚР БҒМ: ҰБТ-ның 6 күнінің нәтижесі бойынша орташа балл 79,5 құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР БҒМ: ҰБТ-ның 6 күнінің нәтижесі бойынша орташа балл 79,5 құрады

08.06.2015
ҚР БҒМ: ҰБТ-ның 6 күнінің нәтижесі бойынша орташа балл 79,5 құрады

ҚР Білім және ғылым министрлігі республика бойынша 6 күндік ҰБТ-ның есебін жариялады. Оған сәйкес түлектердің орташа баллы 79,5 құрады.

«2015 жылғы 2-7 маусым аралығында ҰБТ 165 бекет бойынша өткізілді.Тестілеуге 85 856 өтініш бергендердің ішінен  80 980 (94,3%) түлек қатысты. Орташа балл - 79,5 құрады. 50 балл шекті деңгейден 65 947 түлек (81,4 %) өтсе, 100 балл жоғары нәтижені 14 133 (17,5 %) түлек алды», делінген хабарламада.

Ал, ең жоғары 125 ұпайды - 5 оқушы: Ердосова Гүлназ Жандосқызы (Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі); Мұстафина Риана Еркінқызы (Астана қ. №59 мектеп-лицейі); Самат Сымбат Қуанышқызы (БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі) және Лаура Абдазимова (ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі); Яковлева Анастасия Владимировна (Алматы қ. №90 лицейі) жинады (2014 жылы - 4 түлек).

Тестілеу нәтижесі ҰБТ өткізу пункттеріндегі тақтайшаларға ілінумен қатар Ұлттық тестілеу орталығы сайтына (www.testcenter.kz) енгізіледі.

Хабарламаларға жазылу