Он жеті мыңнан астам елордалық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Он жеті мыңнан астам елордалық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

01.09.2015
Он жеті мыңнан астам елордалық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

17  мыңнан астам елордалық бала биыл бірінші сыныпқа аяқ басты. Жалпы, жаңа оқу жылында елордада мектептеріне 115 099 оқушы  барады. Жыл сайын елордада халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер ашылуда. 

Бүгін Астанада жаңадан салынған үш  мектеп оқушыларға есігін ашты: № 77 мектеп-гимназиясы, № 79 мектеп-гимназиясы және дарынды балаларға арналған «Astana English school» гимназиясы.

№ 79 мектеп-гимназиясының ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Аманшаев қатысып, оқушылар мен ата-аналарды және барлық қатысушыларды оқу жылының басталуымен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

Ермек Аманшаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

«Бүгінде Астана алғаш рет ҰБТ бойынша бірінші орын алды. Түлектердің 30 пайыздан  астамы 120-дан жоғары балл жинады. Осындай оқушылар алдыңғы қатарлы бағдарламаларды дамытады. Менің ойымша, осындай үрдіс жалғаса беретін болса, Астана Елбасы айтқандай, еліміздің қуатты білім беру орталығына айналады»,- деген тілегін білдірген әкімнің орынбасары оқушыларды мерекелерімен құттықтады.

Хабарламаларға жазылу