ҰБТ-ның бірінші күні: 2277 қазақстандық түлек 50 баллдан кем жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ның бірінші күні: 2277 қазақстандық түлек 50 баллдан кем жинады

13.06.2016
ҰБТ-ның бірінші күні: 2277 қазақстандық түлек 50 баллдан кем жинады

ҰБТ-ның алғашқы күні 2277 қазақстандық түлек 50 баллдық көрсеткішке жете алмады, төрт түлектің нәтижелері жойылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

«Бірнеше рет тәртіп бұзу себебінен 4 түлек тестілеуге қатыстырылмады. Олардың нәтижелері жойылды. 8522 рұқсат етілмеген заттар қолданыстан алынды (2015 ж. - 7 712). 2277 түлек (12,6%) 50 балл көрсеткішіне жете алмады (2015 ж.- 3 478 - 18,4%), - деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, ҰБТ 44 пунктте өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 18 599 түлектің 17 934-і қатысты (96,4%). 

3834 түлек тестілеуде 100-ден жоғары балл жинады. Алматының 3 оқушысы рекордтық 125 балл жинады.

Хабарламаларға жазылу