Қазақстанда дизельдік отын бағасы қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда дизельдік отын бағасы қымбаттайды

01.05.2014
Қазақстанда дизельдік отын бағасы қымбаттайды
1 мамырдан бастап, Қазақстанда дизельдік отын бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев.
 
«Бензин бағасы өзгермейді. Ал агенттікте дизелдік отынның бағасын есептейтін жаңа формула мақұлданды. Сондықтан 1 мамырдан бастап, тек дизельдік отынның бағасы қымбаттайды», - Асылбек Дүйсебаев.
 
Алайда, дизельдік отын бағасының қанша пайызға қымбаттайтыны белгісіз. «Баға қаншалықты кқымбаттайтынын нақты айта алмаймын. Дизельдік отын бағасына қатысты шешім шығарылып, баға тиянақталмақ», - дейді агенттік төрағасының орынбасары.
 
Айта кетейік, 28 наурызда Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көтерілмейтінін мәлімдеген болатын.

Хабарламаларға жазылу