Бензин мен дизель отыны бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бензин мен дизель отыны бағасы қымбаттады

17.04.2023

Бүгін жанар-жағар май құю бекеттерінде бензин мен дизель бағасы қымбаттады.

АИ-92 маркалы бензиннің құны 205 теңгеге бір-ақ шарықтады. Ал АИ-95-тің бағасы 230, 222 теңгеден саудалануда. Дизельдің бір литрі бекеттерде 295, кейбіреулерінде, тіпті, 450 теңгеге дейін жеткен. Көлік жүргізушілері күрт өскен бағаны көріп, қынжылдық деп отыр. Жанармай құю бекеттері мамандарының сөзінше, алдағы уақытта сұйық отын тағы қымбаттайды деп үрейленген тұрғындар үлкен бөшкелер мен канистрлерге құйып, әкетіп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу