Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды

13.08.2020

Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды. Алдағы үш жылда шылымның ең арзан бағасы 600 теңге болады. Қаржы министрлігі тиісті қаулыға өзгерістер енгізді. Қазір құжат «Ашық НЛА» порталында қоғам талқысына ұсынылды. Жобаға сәйкес, биыл 1 қазанынан бастап темекінің ең арзан бағасы 470 теңге болады. Әрі қарай, баға біртіндеп 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін 600 теңгеге дейін қымбаттайды. Жауаптылар бағаның өсуін кейбір үстеме шығындардың артуымен түсіндіреді. Айта өтейік, қазір шылымның ең арзаны 440 теңге. 

Армангүл Тоқтамұрат 

Хабарламаларға жазылу