Қазақстанда электр энергиясының бағасы қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда электр энергиясының бағасы қымбаттайды

09.03.2021
Қазақстанда электр энергиясының бағасы қымбаттайды

Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады. Құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Бұйрықта 2021 жылдан бастап тарифтерді көтеру ұсынылған.

Ұсынылған кестедегі тарифтер мынадай:


Айта кетейік, министрлікке 37 энергия өндіруші ұйымнан (ЭӨҰ) шекті тарифтерді арттыруға өтініштер түскен. 

Жалпы, ЭӨҰ шығындарының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар:

- жаңартылатын энергия көздері үшін жыл сайын өсіп отыратын үстемеақы;

- валюта бағамының өзгеруіне байланысты импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындардың өсуі (қазандық пен турбина, айдау, күл жинау жабдықтары және т.б.);

- «Богатырь Көмір» ЖШС көмірдің өзіндік құнын көтеруі;

тариф электр энергиясы

Хабарламаларға жазылу