Түркі академиясы мен ТүркПА басшылығы меморандумға қол қойды

Түркі академиясы мен түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) ынтымақтастық меморандумын бекітті. Маңызды құжатқа ТүркПА-ның Бас хатшысы Жандос Асанов пен Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қол қойды.
Соңғы кездері түркітілдес елдердің интеграциясы жаңа бір белеске көтерілді. Бұл ретте түркі әлемінің көшбасшысына баланып отырған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше.
Жоғары да аталған екі институт тікелей Елбасы ұсынысымен құрылып, қазір қарқынды жұмыс істеуде. Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғыз Республикасы Парламентінің депутаттары мүше ТүркПА ұйымы түркітілдес елдердің заң шығару саласындағы ынтымақтастығын арттыра түсті.
Ал Түркі академиясы болса, тұтас түркінің өткенін зерделеп, бүгінгісін бағамдап, болашағын бағдарлауға кірісті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40

Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:30
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:29
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:25
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:24