WSB. Жартылай финалдың қарымта кездесуінде жұдырықтасатын боксшылар белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Жартылай финалдың қарымта кездесуінде жұдырықтасатын боксшылар белгілі болды

24.04.2014
WSB. Жартылай финалдың қарымта кездесуінде жұдырықтасатын боксшылар белгілі болды
Дүниежүзілік бокс сериясының жартылай финалында «Астана арландары» мен «Baku Fires» командасы кездеседі. Алғашқы жекпе-жек сенбі, 26 сәуірде Астанада өтеді. Ал қарымта кездесу 3 мамырға белгіленген. Әзірбайжанның Губа қаласында өтетін жекпе-жекте жұдырықтасатын боксшылардың есімдері жарияланды.
  
3 мамыр, Губа қаласы, Әзірбайжан.
 52 келі. Магомед Абдулхамидов vs Мирас Жақыпов.
 60 келі. Альберт Селимов vs Самат Бәшенов.
 69 келі. Евгений Рамашкевич vs Данияр Елеусінов.
 81 келі. Михаил Долголевец vs Хрвое Сеп.
 +91 келі. Хаджи Муртузалиев vs Руслан Мырсатаев.
  
 Қосымша кездесу. 81 келі. Теймур Маммадов vs Әділбек Ниязымбетов.

Хабарламаларға жазылу