Парламент депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері сенбілікке шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері сенбілікке шықты

27.04.2024

Сенат депутаттары мен Палата Аппаратының қызметкерлері де жалпықалалық сенбілікке қатысты. 100-ге жуық терек, қарағай және қайың көшеттерін отырғызды. Экологиялық акция Әл-Фараби даңғылының бойында өтті. Көгалдандыру жұмысына Палата жанындағы «Жас сарапшылар» клубының мүшелері, «Талдау» мектебінің түлектері, Қазақстан бочча федерациясының өкілдері мен еріктілер қатысты. Жалпы, елорданың тазалығына бейжай қарамайтын 120-дан астам белсенді азамат жиналды.

Ал Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын көгалдандыруға атсалысты. Олар 350 түп ағаш отырғызды. Жалпы қалалық сенбілік барысында депутаттар шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін отырғызды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу