«Астана арландары» WSB жобасының финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» WSB жобасының финалына шықты

25.05.2015
«Астана арландары» WSB жобасының финалына шықты

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) екінші жартылай финалдық кездесуі аяқталды.

«Астана арландары» бокс клубы ресейлік «Russian Boxing Team» құрамасын жартылай финалдың екінші күнгі кездесуінде 4:1 есебiмен жеңдi.

Олжас Сәттiбаев – Карен Арутюнян (49:46, 48:47, 49:43) 3:0

Зәкәр Сафиуллин – Артур Субханқұлов (48:47, 48:47, 48:47) 3:0

Данияр Елеусiнов – Якуб Нуриев (47:48, 48:47, 48:47) 2:1

Нұрдәулет Жарманов – Эдуард Якушев (46:49, 46:49, 46:49) 0:3

Иван Дычко – Максим Бабанин ТКО, Дычко екiншi раундта техникалық нокаутпен жарыс жолынан ығыстырды.

Еске сала кетейiк, жартылай финалдың бiрiншi күнiнде «Астана арландары» ресейлiк боксшыларды 5:0 есебiмен ұтқан едi. Екі күн қорытындысы бойынша «Астана арландары» қарсыластарын 9:1 есебiмен ұтып, финалға жолдама алды.

«Астана арландары» финалдық бәсекеде мексикалық «Mexico Guerreros» боксшыларын 10:0 есебімен ұтқан кубалық «Cuba Domadores» клубымен бас жүлдені сарапқа салады.

Финалдық кездесудің өтер орны мен нақты күні әзірге белгіленген жоқ.

Хабарламаларға жазылу