«Үркер» сыйлығы табысталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үркер» сыйлығы табысталады

22.04.2014
«Үркер» сыйлығы табысталады
23 сәуір күні, сағат 10.00-де Алматыдағы білімді дамыту жылына арналған жиынның салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
 
Шара барысында 2013-2014 оқу жылында халықаралық және облыстық олимпиада, конкурстарда жеңімпаз атанған 9-11 сыныптардың 323 оқушысына «Үркер» сыйлығы табысталады.
 
«Үркер» – Алматы қаласының басты ны­шаны – алма ағашы мен оның жемісі тә­різді жарқыраған шоқжұлдыздан тұра­тын көрікті сыйлық. Оның безендірілуі жас­­тық жігер мен талантты, даналық пен әде­мілікті қадірлеуді меңзейді.
 
Биыл «Үркер» сыйлығын табыстау дәстүріне 6 жыл.
 
Бұл шара туралы ертең kaztrk.kz порталында толығырақ жазылатын болады.
 

Хабарламаларға жазылу