18 маусымда «Азиялық нобель сыйлығы» табысталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 маусымда «Азиялық нобель сыйлығы» табысталады

16.06.2014
18 маусымда «Азиялық нобель сыйлығы» табысталады
«Азиялық нобель сыйлығы» тұңғыш рет сәрсенбі күні, 18 маусымда «Тұрақты даму» номинациясында жеңімпаз атанған адамға табысталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сыйақыны тайваньдық миллиардер Самуэль Инь тағайындады.
 
Нобель сыйлығының азиялық баламасын ұйымдастыруға 100 миллион АҚШ доллары бөлінді. Қалған үш аталым бойынша жеңімпаздар маусымның 17-нен 21-і аралығында анықталмақ.
 
Әр жеңімпазға ұйымдастырушылар 1,7 миллион АҚШ долларынан бермек. 

Самуэль Иньнің сөзіне қарағанда, «Азиялық нобель сыйлығы» - Нобель сыйлығын қайталау емес. Аталған сыйлық 100 жыл бұрын тағайындалған еді.
 
Ол кездегі проблемаларды XXI  ғасырда адамзат тап болған мәселелермен салыстыруға келмейді.

 

 
 

Хабарламаларға жазылу