«Үркер-2017» ұлттық сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үркер-2017» ұлттық сыйлығы табысталды

29.06.2017

«Үркер-2017». Биыл алғаш рет Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында баспа, радио, интернет-журналистика саласының қызметкерлері осындай ұлттық сыйлыққа ие болды. Жүлде 15 аталым бойынша табысталды. Үміткерлерді еліміздің қоғам қайраткерлері мен журналистика саласының майталмандарынан құралған қазылар алқасы таңдады. Сондай-ақ, журналистиканың кешегісі мен бүгінгісі сараланып, Қазақстан ақпарат құралдарының аяқ алысын арттыру үшін атқарылуы тиіс жұмыстар айтылды.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу