Бүгін Астанада 15 үздік ақын марапатталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада 15 үздік ақын марапатталады

01.07.2014
Бүгін Астанада 15 үздік ақын марапатталады

Бүгін Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында «Мәңгілік ел - ұлт мұраты» мүшәйра байқауының жеңімпаздары марапатталады.

Байқаудың Гран-При жүлдесі - көлік, ал, қалған жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйлық табысталады.

Сондай-ақ, 5 жұбаныш сыйлығы қарастырылған.

Елорданың 16 жылдығына арналған поэзия кешінде 70 үміткердің ішінен іріктелген 15 үздік ақын көрермендер назарына шығармашылықтарын ұсынады.

Еске салайық, «Мәңгілік ел - ұлт мұраты» байқауы үш кезеңмен өткізілді. Алдымен байқауға қатысуға өтініштер қабылданды. Екінші кезеңде  комиссия авторлардың еңбектеріне бағасын берді. Соңғы кезең бойынша байқау қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу