Түркі әлемі журналистерінің I съезі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі әлемі журналистерінің I съезі өтеді

24.03.2014
Түркі әлемі журналистерінің I съезі өтеді
Түркияның Ескішаһар қаласында Түркия Журналистер одағы мен ТҮРКСОЙ халықаралық мәдениет ұйымы ұйымдастыратын түркі әлемі журналистерінің I съезі өтеді. Аталған шара барысында мәдениетаралық сұхбаттастықтың дамуына зор үлес қосқан 20 журналист ТҮРКСОЙ тағайындаған сыйлыққа ие болмақ.
 
Айта кетерлігі, бұған дейін бұл сыйлық бірқатар мемлекет басшыларына, атап айтқанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, Түркия Президенті Абдулла Гүлге, АҚШ Президенті Барак Обамаға берілген болатын.
 
Дегенмен, ұйымдастырушылар ТҮРКСОЙ-дың 20 жылдық мерейтойының құрметіне орай оны жиырма журналиске беру туралы шешім қабылдап отыр.

Хабарламаларға жазылу