«Bala Tyrkvizyon» I халықаралық балалар ән байқауы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bala Tyrkvizyon» I халықаралық балалар ән байқауы басталады

28.05.2015
«Bala Tyrkvizyon» I халықаралық балалар ән байқауы басталады

Сайыстың тұсаукесері «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында өтеді.

Түркітілді ән шығармашылығын дамытуға арналған сайысқа іріктеу Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бастауымен ұйымдастырылмақ.

Осы іріктеу кезеңінде мәрелік ойынға жолдама алған жеңімпаз ел намысын қорғайды. Халықарлық байқау қазан айында Түркіменстанның Мары қаласында басталады.

Бұл түркі елдерінің тарихында тұңғыш рет қолға алынып отырған жоба. Оған түркі әлемінің 20-дан астам елінің дарынды балалары қатысып, ән өнерінің үздігін анықтайды.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу