Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Шэньчжэньдегі турнирдің іріктеу кезеңінен өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Шэньчжэньдегі турнирдің іріктеу кезеңінен өтті

04.01.2016
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Шэньчжэньдегі турнирдің іріктеу кезеңінен өтті

Әлемнің 67-ші ракеткасы, қазақстандық Ярослава Шведова Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан турнирдің іріктеу кезеңінен өтті. Ол іріктеудің финалында WTA рейтингінде 126-шы орында тұрған түркиялық Чаглу Буюкакчайдан басым түсті. Есеп - 6:3, 7:5.

1 сағат 45 минутта Ярослава Шведова сегіз брейк жасады. Осыған дейін бұл теннисшілер бір-бірімен кездеспеген.

Шведованың Shenzhen Open жарысының бірінші кезеңі бойынша қарсыласы кейін анықталады.

Хабарламаларға жазылу